ШЫМКЕНТ: АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

91

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау бойынша Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған жиынға мәслихат депутаттары, ардагерлер, аудан тұрғындары және студенттер қатысты.

Мәжілісті Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева жүргізіп отырды.

Алдымен сөз алған Шымкент қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов этносаралық татулық, қоғамдық диалог орнатудың маңызы, жастардың әлеуеті жөнінде ой қозғады. Көлік-логистика саласының дамуына бірден бір үлес қосатын осы оқу орнының шәкірттері екенін атап өтті.

Сондай-ақ,  Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Рысбай мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, руханият пен мәдениетті дамыту жөнінде пайымды ойлар айтты.

Жас кәсіпкер Мейірбек Көшенов те уақытты текке өткізбей, нақті іспен айналысу керектігі жөнінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.