ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ОҢТҮСТІК ӨҢІРІНІҢ АҚЫНДАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

114

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов айтыскер ақын Әселхан Қалыбекова бастаған бірқатар ақындармен кездесті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Кездесу барысында кіл сөз дүлдүлдері айтыс өнері, әдебиет әрі руханият төңірегінде өрелі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді іске асыру жайын талқылады.

Кездесу барысында тараптар келесі жылы өтетін Әл-Фарабидің  1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өту жайын сөз етті.

Кездесу соңында ақындар айтыс өнерін дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта Шымкент қаласында айтыс қайта жанданатынына сенімді екендіктерін жеткізді.