ШЫМКЕНТТЕ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

173

Шымкентте жылу маусымына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Қысқы маусымға дайындық негізінде Қаратау ауданы аумағында орналасқан көмір қоймаларында көмір жеткілікті екендігін жеткізіп, мекен-жайлардың тізімдерін ұсынамыз.

1) Достық т.а. А.Ясауи көшесі, ЖШС Көмір – ЖК Насыров, 650 құрылыс – 5200 тонна.
2) Достық т.а. А.Ясауи көшесі, ЖК Қосжанов – 2600 тонна.
3) Достық т.а. А.Ясауи көшесі, ЖШС Отын – 10000 тонна.
4) Достық т.а. А.Ясауи көшесі, Азамат мұнай ЖШС – 20000 тонна.
5) Қызылсай т.а. Жібек жолы, ЖК Шамсутдинов – 7000 тонна.

Айта кетсек, қазір көмірдің бір тоннасы – 13 мың 700 теңге. Толық анықтама үшін: 77-46-18 нөміріне хабарлассаңыздар болады.

Еске салсақ, өткен айда Шымкент әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы жылу беру қазандықтарының жұмыс істеу жүйесімен танысқан болатын. Онда қысқа дайындық жұмыстарын күшейтуді айтқан қала басшысы отандық метеорологтардың биылғы қыстың суық әрі ұзақ болатынын айтып отырғанын ескерткен-ді. Сондықтан, жылу маусымына мұқият әрі тиянақты дайындалу қажеттігін және мұндай істе қателіктерге жол беруге болмайтынын атап өтті.