ФУТБОЛДАН РЕСЕЙ — ҚАЗАҚСТАН МАТЧЫНА БАР БОЛҒАНЫ 1000 БИЛЕТ ҚАЛҒАН

81

Еуропа чемпионатына іріктеу барысында өтетін Ресей — Қазақстан матчына билеттер түгелдей дерлік сатылып кеткен, деп жазады prosports.kz сайты.

Ресейлік «Чемпионат» порталының мәліметіне сенсек, аталмыш матчқа тек 1000 билет қана қалған. Оның өзі ойынға дейін өз иелерін табады деп жоспарланып отыр.

Қос құраманың кездесуін қабылдайтын «Калининград» стадионы 35016 адамды қабылдай алады.

Ресей — Қазақстан ойыны 9 қыркүйек күні өтеді.

Ойынды Qazsport телеарнасынан 00:45-те тікелей эфирде тамашалай аласыздар!