ЖАҚСЫ ЕНЕ АНАҢДАЙ, ЖАҚСЫ КЕЛІН ҚЫЗЫҢДАЙ

211

11 қыркүйек — Отбасы күніне орай Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандық іскер әйелдер одағының демеушілігімен «Есті ене мен көргенді келін-2019» аудандық сайысы өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен сайыстың мақсаты — отбасы құндылығын насихаттау. Отбасы мен некенің беріктігін нығайту, шаңырақтың шайқалмауындағы ененің алатын орны мен ұрпақ тәрбиесіндегі келіндердің рөлін насихаттау, ене мен келін арасындағы сыйластықты күшейту, аудандағы жарасымды жанұяны, өнегелі отбасыны көпке үлгі ету.

Ерекше өткен сайысқа қатысушы үміткерлер 6 шарт бойынша сынға түсті. Сәлем – сөздің анасы (Ене мен келіннің бір-бірін таныстыруы).»Білгенге маржан» (әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты сұрақтар). Әжем айтқан ертегі (енелер арасында).»Қиын түйін» (отбасылық кикілжіңдердің алдын алу). Ана әлдиі (келіндердің жанды дауыста бесік жырын айтуы). Келін кескен кеспе (келіндердің қамыр жайып, кеспе кесуі).

Ауданда тұңғыш рет өткізіліп отырған ене мен келін қатысқан ерекше сайысқа бір шаңырақ астында өмір сүретін енелер мен 19-29 жас аралығындағы келіндер қатысты. Батыр ана, ақын-әнші, аудандық «Ақ әжелер» ансамблінің жетекшісі, «Мәдениет майталманы» медалінің иегері, «Шардара ауданының Құрметті азаматы» Мүтәлиева Жарылқасын Ізбайқызы, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Көшекеева Бибігүл Тасқұлқызы, Батыр ана, Б.Соқпақбаев атындағы ЖОМ директоры қызметін атқарған ардагер ұстаз Зүлей Әлия Ізтілеуқызы, аудандық іскер әйелдер одағының төрайымы, жеке кәсіпкер, сайыстың демеушісі Момбекова Еркінай Рысбайқыз, аудандық іскер әйелдер одағының мүшесі, жеке кәсіпкер, сайыстың демеушісі Абдиева Қырмызай Қойшыбайқызы бастаған қазылар алқасының шешімімен І орынға Көксу ауылынан Шаутикова Несібелі Шыныбайкеліні мен Шығанақова Жұпаркүл Қожамбеткеліні лайық деп танылды. ІІ орын Ұзыната ауылынан Саухатова Жазира Ташкенбай келіні мен Қошанова Құралай Кошанкелініне, ІІІ орын Алатау батыр ауылынан Әмір Ақерке Жанаткеліні мен Балташева Элмира Қасенкелініне бұйырды.

«Өзге пікір» республикалық сараптамалық-құқықтық газетінің арнайы жүлдесімен Қызылқұм ауылынан Аманқұлова Жанар Ештайкеліні мен Бижанова Ұлжалғас марапатталды. Ынталандыру сыйлығымен Қ.Тұрысбеков ауылынан Нарзықұл Ақмарал Ағаділкеліні мен Илиясова Гүлжахан Домбайкеліні, Ақшеңгелді ауылынан Нұрғалынова Гүлсінай Жалғаскеліні мен Қозыбағарқызы Нұржамал Балмағанбеткеліні, Достық ауылынан Елмұратова Оразкүл Қалдыбек келіні мен Тасболатова Алтын Төлеген келіні, Сүткент ауылынан Қалыбекова Айсәуле Бейсенбай келіні мен Досыбекова Күләш Айдар келіні, Жаушықұм ауылынан Мырзахан Жұлдызай Бердіхан келдікеліні мен Әуелбекова Айткүл Жамал келіні марапатталды.