ШАРДАРАЛЫҚТАР СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

128

Шардаралықтар сенбілікке белсенді қатысуда, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласынан Шардара ауданы әкімдігіне көгалдандыру, абаттандыруға бекітілген 10 секторды аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудан әкімінің орынбасарлары Б.Шомпиев, Н.Сапаров бөлім, мекеме қызметкерлерінен құралған жұмысшы топпен аралап, шағынаудан биі, көше комитеттерінің төрағалары және белсенді азаматтармен атқарылатын жұмыстарды талқылады.

Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары 10 сектордағы А.Жармұхамедов көшесінде (7-ші бағыт жолында) жүргізілді. Сенбілікке 30 адам қатысып, 1,5 шақырымды құрайтын көшенің екі бетінің шөптері шабылып, қоқыстары тазаланды.

Айта кетсек, сенбілік аясында қаладағы мыңға жуық азамат тазалық шарасына жаппай қатысып, нәтижесінде 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды. Шардара қаласының санитарлық тазалығын сақтау мақсатында ұйымдастырылған сенбілікке 28 мекеменің қызметкерлерi қатысып, белсенділік танытты. Олар топ-топқа бөлініп қала әкімдігі тарапынан өздерiне бекітілген аумақтарды ретсіз тасталған қоқыстардан тазартты. Қоқыс тасуға арнайы 4 техника жұмылдырылған сенбілікте 24 көше мен 3 шақырым суағарлардан 20 тонна қоқыс қала сыртына шығарылды. Мұндай сенбiлiк жұмыстарының ауқымы кеңейіп, алдағы уақыттарда мекеме қызметкерлерi мен қала тұрғындары, базар және сауда орындарының қызметкерлері де жұмылдырылмақ.