ШЫМКЕНТ: ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

171

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдама жобасын талқылау мәселесі бойынша бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізілді.

Кеңесті Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы ұйымдастырып, жиынға 15-ке жуық жергілікті үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
​Мемлекеттік емес секторды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша 7 қадам нақтыланған.
Олар:
1. Азаматтық белсенділікті арттыру;
2. Тараптардың диалогын дамыту;
3. Қоғамдық бастамаларды дамыту;
4. Азаматтық қоғам институттарының тұрақты дамуы;
5. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және әлеуметтік кәсіпкерлік;
6. Ашық мемлекет;
7. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
​Осы нақты қадамдар бойынша өңірлердегі үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныс пікірлері тыңдалып, оларды іске асырудың тиімді тетіктері талқыланды.


​Шымкент қаласынан үкіметтік емес ұйым өкілдері белсенділік танытып, біршама ұсыныстарды жеткізді. Атап айтсақ, мемлекеттен бөлінетін грантты ұтып алу мәселесіндегі қағазбастылықтан құтқарып, электронды нұсқаны қалдыру. Ондағы ашықтық пен талаптарды жеңілдету. Әлеуметтік тапсырыстар бойынша көп жылдық және тұрақтылықты қамтамыз ету. ​Салалық басқармаларда әлеуметтік тапсырыстардың санын көбейтіп, пропорция ұстану. Экология, денсаулық саласы, әйел теңдігі мен құқықтары, бала денсаулығы, кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылықты арттыру секілді барлық бағыттар қамтылуы ұсынылды.
​Жоғарыда аталған бағыттар бойынша қосымша ұсыныс-пікірлер болса,
civic_kior@mail.ru электронды мекен-жайға жолдауларыңызға мүмкіндік бар.