ШЫМКЕНТ: САУДА ОРТАЛЫҒЫНДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

66

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті адамдар көп жиналатын жерлерде өрттердің алдын алу мақсатында үнемі профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Жазғы өрт қауіпті кезеңде ТЖ департаментінің қызметкерлері Еңбекші ауданы ТЖ бөлімі мен №2 өрт сөндіру бөлімімен бірлесіп, «Фиркан» сауда орталығында балаларымен келген сатып алушыларға ерекше көңіл бөле отырып, алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында инспекторлар үлкендер өз балаларымен үйде де, одан тыс жерлерде де қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбында үнемі әңгіме өткізу керектігін еске салды. Сондай-ақ инспекторлар өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт шыққан кездегі сақтық шаралары мен іс-қимылдары туралы сатып алушыларға еске салды. Сауда орталығының қызметкерлері де өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтті.

Азаматтар қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпау үшін оларға шұғыл қызметтерді шақыру нөмірлері көрсетілген арнайы жадынама-парақшалар табыс етілді.

Жәмила ҚАЛИЕВА