ШЫМКЕНТ: ТАТУЛАСТЫРУШЫ СУДЬЯНЫҢ КӨМЕГІМЕН ОТБАСЫ САҚТАЛЫП ҚАЛДЫ

127

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер И-ге некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Істі сот талқылауына дайындау барысында тараптардан істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту жөнінде арыз түскен. Соттың ұйғарымымен талап қоюшы және жауапкердің некені бұзу туралы ісі бойынша татуластырушы судьяның қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ортақ келісім бекітілді.

Татуластырушы судья бекіткен медиациялық келісімге сәйкес талап қоюшы Г. некені бұзу туралы талап қою арызынан бас тартатынын көрсетіп, ал жауапкер И. ортақ балаларын бірлесіп тәрбиелеуге және отбасын сақтауға келіскен. Осыған байланысты, бұл іс бойынша төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылып, іс жүргізу қысқартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Еске салсаққ, бұған дейін Шымкент қаласының Абай аудандық сотының судья-медиаторы Е.Отарбаевтың көмегімен бір күнде жеті жұбайлардың  арасындағы некені бұзу туралы талап қою арыздарымен қозғалған азаматтық  істер қаралып, медиация тәртібімен аяқталды.