«SHYMKENT» ӘКК АРЫС ҚАЛАСЫНДА ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТКЕН ЕРІКТІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

189

«Shymkent» ӘКК Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілерді марапаттады, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Шымкентте @liga_volonterov_17 Еріктілер лигасы құрылды.

Енді қаланың барлық еріктілері бірыңғай «Еріктілер лигасына» біріге алады. Қоғамдық бірлестік 10 000 еріктіні қамтуды жоспарлауда.

— Елбасы 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады. Менің ойымша, бұл тамаша бастама. Волонтерлық — жастардың бойында мейірімділік, адамгершілік, жанашырлық, ізгілік сияқты көптеген қасиеттер мен дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар жауапты, бастамашыл, жинақы, белсенді болуға үйретеді. Қалада волонтерлердің қатысуын қажет ететін немесе құптайтын әлеуметтік сипаттағы шаралар көп. Біздің Лига студенттер мен оқушылар арасында жас көшбасшылар мен еріктілердің басын біріктірді. Оған «Шымкент адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Төлебаев пен ОҚМУ Жастар орталығының жетекшісі Мағжан Исахов та кірді, — деді «У17 Еріктілер лигасы» ҚБ негізін қалаушы Сайра Амантаева.

Еске салсақ, Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасуда. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған.