ШЫМКЕНТТЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

64

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 36 333 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген.

Жыл басынан бері басқармамен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету бойынша қыруар жұмыстар атқарылды.

Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен арнаулы жүріп-тұруы құралдары бойынша, 3 272 құралға тапсырыс қабылданып, 2 241 құрал таратылды.

Сондай-ақ мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орныны толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге жолдама алуға 1 918 азаматтардан өтініштер қабылданып, 1184 азаматқа құралдар алуға жолдама берілді.

Еске салсақ, өткен айда Шымкентте белсенді өмір сүру орталығы ашылды. Бұл – мегаполистегі алғашқы көп функционалды орталық. Мұнда интернет-кафе, физиологиялық кабинет, кинозал, кітапхана, жаттығу залы мен йога, үстел теннисі, бильярд ойнау секциялары бар. Зейнеткер қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, балалар үйінің тәрбиеленушілері осында бос уақыттарын өткізіп, денсаулықтарын жақсарта алады. Зейнеткерлерге тегін әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетіледі.