ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТЫ БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫН ӨТКІЗДІ

62

Шымкент қалалық сотының «Ақпарат орталығында» Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Оған сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Н.Алиев, судья А.Оспанова, Шымкент қаласы бойынша Соттар әкімшісінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қабыл Дүйсенби және БАҚ өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Н.Алиев 2019 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына 5340 әкімшілік іс келіп түскенін айтып, оның ішінде 909 іс бойынша қамау жазасы қолданған, 2889 іс бойынша айыппұл салынған, 53 іс бойынша ескерту, ал 327 іс бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген. Сонымен қатар, 648 іс бойынша жүргізуші жүргізу куәлігінен айырылған, 855 іс қысқартылған және 119 іс медиация тәртібімен аяқталғанын айтып өтті. 6 айда сот 179 470 735 теңге көлемінде айыппұл салған, бүгінде оның 78 178 986 теңгесі өндірілген.

2019 жылдың бірінші жарты жылдығында «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында 653 әкімшілік іс қаралып, бұл істер бойынша 31 489 090 теңге айыппұл салынып, оның 90 пайызға жуығын жол-көлік оқиғасына кінәлі азаматтар өз еркімен уақытылы төлеген.

Шара соңында төраға БАҚ өкілдерінің тарапынан сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты қойған сұрақтарына жауап берді.