ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІНДЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ САУАЛДАРЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

330

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев азаматтарды жеке сауалдары бойынша кезекті қабылдау өткізді, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі.

Қабылдауға 15 адам келді. Айта кетерлігі, азаматтардың дені — жер мәселесін айтып жүгінді. Бірқатары жер учаскесін алуға бола ма деп те сұрады. Мақсатты жобаларын өзгерту мен бөлінбеуге жататын жерлерді бөлудің жолдарын білгісі келетіндер де келді. Бұл ретте, жолданған әрбір сауалға қанағаттанарлық жауап берілді.

Естеріңізге сала кетсек, әкім орынбасарының жеке қабылдауы аптаның әр сәрсенбісінде сағат 16:00-де. Бұған Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының 1-қабатындағы фронт-офис арқылы жазыла аласыз.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Ғ. Әбдірахымовтың қабылдауына келген мүмкіндігі шектеулі екі азамат жұмысқа орналасқан болатын. Атап айтсақ, оның бірі «Қуат жылу орталығы-3» ЖШС-не заңгер болып кірсе, ал мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасқысы келген азамат конкурс тәртібі бойынша қызметке қабылданатын болады.