ТҮРКІСТАН: ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Ф. ҚАРАТАЕВ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА БОЛДЫ

85

Бүгін Төлеби ауданына арнайы іссапармен Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Фахруддин Қаратаев келді, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-сапар барысында «Ленгір машина жасау зауыты» ЖШС-нің жұмыс орнында болып, мекеме жұмысшыларымен кездесті. Онда ұсталардың ағаштан, темірден жасаған заттарын көріп, отандық өнімді республика көлемінде таратуға мүмкіндік жасау керек екенін және бұған өз тарапынан барынша ықпал жасайтынын айтып өтті.

Одан әрі «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің 120 га алма бауына барып, атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Мәжіліс депутаты «Алма бауының өнімі мол болсын», — деп бағбандарға сәттілік тіледі.

Еске сала кетсек, бүгін Төлеби ауданында орналасқан «Біркөлік шатқалы» жазғы лагерінде «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық эстафеталық марафонының туы Шардара ауданына табысталды.