ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ ДӘРІПТЕЛДІ

75

Төлеби аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Тасарық ауылдық клубында «Халық қолөнері мен фольклорын дамыту, насихаттау» атты жылжымалы семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар кеңестің бағдарламасына сәйкес Тасарық ауылдық клубының меңгерушісі 2019 жылдың 6 айында атқарған жұмысы және алға қойған мақсаттары жайында баяндама жасап, клуб жанынан құралған үйірме жұмыстарынан шағын концерттік бағдарлама ұсынды.
Және де семинар кеңесте негізгі тақырып бойынша аудандық мәдениет үйінің әдіскері Д.Бейсетаев пен Жамбыл ауылдық клубының меңгерушісі А.Жалбиева қысқаша баяндама жасаса, еркін сұхбат барысында ауылдық мәдениет ошақтары мен аудандық мәдениет қызметкерлері тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, жиын қорытындыланды.

Еске сала кетсек, бүгін Төлеби ауданында орналасқан «Біркөлік шатқалы» жазғы лагерінде «Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық эстафеталық марафонының туы Шардара ауданына табысталды.