«NUR OTAN»: СОЗАҚ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

362

Бүгін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Аptanews.kz тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тиісті бөлімдер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Айтбаев, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қ.Сұлтанғазиев есеп берді.

Комиссия төрағасы Б.Тұрғанбаев аудандағы колледждердің потенциалын кеңінен пайдалану, ҰБТ қорытындысы туралы, комиссия мүшесі Г.Әлімбекова атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарына басымдық беру, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын талаптарға сәйкестендіру, Ә.Сөлтеков бірқатар саладағы мамандардың тапшылығы, І.Омарбеков білім беру ұйымдарын робототехникалармен қамту, бөлім тарапынан зерделеу, бақылау, тексеру жұмыстарының объективтілігі, Т.Әбуов педагогтарды іссапараларға жіберу, Ж.Төлепбергенұлы жас мамандарды ауылшаруашылығы саласында тұрақты жұмыспен қамту, т.б. мәселелерді көтеріп, тиісті жауаптар алды.